Тілді таңдап алыңыз:

KazakhRussianEnglish

www.daru.kz

f95e609a

www.satr-training.kz

 

www.satr-edu.kz

satr-edu

Іздеу


Барыс-келістердің

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін16
mod_vvisit_counterКеше38
mod_vvisit_counterОсы апта ішінде125
mod_vvisit_counterӨткен апта180
mod_vvisit_counterОсы ай ішінде463
mod_vvisit_counterӨткен ай922
mod_vvisit_counterБарлығы3573166

Қазір: 2
Сіздің IP: 18.118.184.237
,
Бүгін: 18-04-2024 11:29

Рейтинг@Mail.ru

google

kazdidac logo

Наше оборудование


Электронды үлкейткіш қондырғы (лупы) PDF Басып шығару E-mail

 

Шағын электронды лупалар

 

 sview    

    «SenseView» шағын электронды лупасы

  • Экраны: TFT-LCD диагоналы бойынша 10,9 см
  • Өлшемдері: 14,6×7,8×2,2 см
  • Салмағы: 221 г
  • Үлкейтуі: 4 еседен 22,5 есеге дейін
  • Бейнелеуі: 6 түсті сызбалар
  • Бейнені тоқтату мүмкіндігі
  • Аккумуляторы: 4,5 сағат үздіксіз жұмыс жасайды
  • Керек-жарақтары: қорғаныс сөмкесі, бауы, аккумуляторы

 

 Ruby2

«Ruby» шағын электронды лупасы

  • Экраны: диагоналы бойынша 10,2 см, 16:9
  • Өлшемдері: 12,5 x 7,5 x 3,4 см (тұтқасымен 16,5 см)
  • Салмағы: 218 г
  • Үлкейтуі: жылжымалы тұтқаны пайдаланумен 2 еседен 14 есеге дейін;
  • тікелей объектіде - 5 еседен 10 есеге дейін
  • Бейнелеуі: көрудің 5 тәртібі
  • Бейнені тоқтату мүмкіндігі бар
  • Аккумуляторы: шамамен 2 сағат үздіксіз жұмыс жасайды.
  • Керек-жарақтары: қап, қол бау, аккумулятор



RUBY-XL-HD 

«Ruby XL HD» шағын электронды лупасы

  • Экраны: диагоналы бойынша 12,7 см, 16:9
  • Өлшемдері: 13,8 x 8,8 x 2 см
  • Салмағы: 300 г
  • Үлкейтуі: бірқалыпты, 2 еседен 14 есеге дейін, бұлдыраусыз тез оқу, 5 мегапикселді автофокус.
  • Бейнелеу: 20 жоғары жылдамдықты түс тәртіптері (5 қалыпты, 15 реттелетін)
  • Үлкейтуі реттелетін бейнені тоқтату(стоп-кадр), 80 суретке дейін сақтау мүмкіндігі
  • Оқу жолдары мен перделер, батареяның қуат деңгейін көрсететін индикатор
  • Аккумуляторы: шамамен 3 сағат үздіксіз жұмыс жасау.
  • Керек-жарақтары: қап, қол бау, аккумулятор, оқу үшін қондырылмалы тіреуіш, жиналмалы тұтқа


sapphire

«Sapphire» шағын электронды лупасы

  • Экраны: диагоналы бойынша 17,8 см (16:9)
  • Өлшемдері: 4,6 × 13,7 × 20,3 см
  • Салмағы: шамамен 789 г.
  • Үлкейтуі: 3.4 еседен 16 есеге дейін
  • Бейнелеуі: шынайы түстер, оқуға арналған 22 түс сызбалары
  • Бейнені тоқтату мүмкіндігі бар.
  • Аккумуляторы: 4 сағат үздіксіз жұмыс жасайды.
  • Керек-жарақтары: қап, аккумулятор.
 visiobook2

«VisioBook» жиналмалы столүстілік электронды бейне-үлкейткіші

  • Экраны: диагоналы 32 см (12,5”) кеңформатты LED-мониторы (16:9)
  •  Өлшемдері: 340 х 310 х 54 мм (жиналып тұрғанда)
  • 400 х 310 х 480 мм (жұмыс жағдайында)
  •  Салмағы: 3,6 кг шамасында
  • Үлкейтуі: 1,8 еседен 30 есеге дейін, қайта реттегіш
  • Бейнелеуі: 7 жасанды түстердің қиыстырылуы, позитив және негатив
  • Аккумуляторы: 5 сағат дербес жұмыс жасайды
  • Қосылулары: USB және HDMI (кіру және шығу)

 

 

Тұрақты электронды бейнеүлкейткіштер

 

 

visio

 

 

«VISIO» (мониторы 19”, 22”, 22”HD) әмбебап электронды лупалары
«VISIO» электронды лупасы кез-келген тегісбасылған мәтінді, ноталарды немесе суреттерді үлкейтуге мүмкіндік береді. Мәтін түстерін және фонның орындарын ауыстыру, сонымен қатар қолдан жазғанда және нысандарды толтырғанда фокусты белгілеу мүмкіндігі бар. Автоматты экспозицияның арқасында тұтынушыға жарықты немесе кереғарлықты реттеудің қажеті жоқ.
Тура монитордың астында орналасқан басқару панелінің клавиштері тұтынушыға аппаратты түйсікпен-ақ басқаруға мүмкіндік береді. Үлкен, оңай жылжитын стол оқу кезінде мейлінше жайлылықты қамтамасыз етеді. Параметрлерді таңдау арқылы аппаратты өзіңе оңай реттеп алуға болады.

  • Үлкейтуі: 2,3 еседен 85 есеге дейін
  • Түс тәртіптері: шынайы түстер, 14 жасанды түстердің қиысуы
  • Фокусы: реттелетін автоматты фокус, қолдан жазғанда белгіленетін фокус; автоматты экспозиция
  • Басқару: айналатын реттегіш тұтқа, 4 жұмыс клавишалары бар басқару панелі



TOPAZ-XL-HD

«TOPAZ», «TOPAZ XL», «TOPAZ XL HD» (мониторы 17”, 20”, 22”, 24”) тұрақта электронды бейне-үлкейткіштері
TOPAZ™ Desktop - бұл көзі нашар көрентін адамдарға кітаптарды, журналдарды, рецептерді жайлы оқуға, кез-келген объектінің ұсақ бөлшектерін көруге мүмкіндік беретін бейнеүлкейткіш. Ол үшін объектіні (кітапты, хатты және басқа) оқуға арналған үлкен жылжымалы столға жай ғана қою, өзіңізге көруге ыңғайлы қажетті үлкейту деңгейін, түсті таңдау қажет. Сіздің құжатыңыз үлкейтілген түрде дисплей экранына шығады.

  • Монитордың бекітілуі экранның биіктігін және көлбеу бұрышын өзгертуге, сонымен қатар оны бір тұстан екінші тұсқа 180 градусқа бұруға мүмкіндік береді.
  • Нақтылы тұтынушының көруіне қолайлы 30 түрлі кереғар бейнетәртіптер, бейненің жарықтылығын реттеу.
  • Тура әйнек оптикасы бар түрлі-түсті камера.
  • Тұтынушының қатысуынсыз анық белгіленген бейне алуға мүмкіндік беретін автофокус. Камера фокусын белгілеу мүмкіндігі (автоматты фокус жасауды сөндіру).
  • Бейнені тоқтату(стоп-кадр) тәртібі.
  • Объектіні жарықтандыруды және жылтыр беттерді(журналдар, суреттер) қарағанда пайда болатын дақтарды болдырмауды қамтамасыз ететін жарықтандыру.
  • Қондырылмалы шектегіші бар оқуға арналған стол.
  • Тура экранның астына орнатылған үлкен, жарық басқару элементері.
  • Пайдаланылуы қарапайым. Жұмыс жасау үшін ешқандай техникалық білім қажет емес.


Topaz және Topaz XL сериясы үшін үлкейту деңгейі:
17” мониторы: 1,9 еседен 49 есеге дейін
20” кеңформатты монитор: 2,3 еседен 60 есеге дейін
22” кеңформатты монитор: 2,6 еседен 68 есеге дейін
24” кеңформатты монитор: 2,8 еседен 74 есеге дейін

Topaz XL HD сериясы үшін үлкейту деңгейі:
17” монитор: 1,7 еседен 61 есеге дейін
20” кеңформатты монитор: 1,5 еседен 56 есеге дейін
22” кеңформатты монитор: 1,8 еседен 66 есеге дейін
24” кеңформатты монитор: 1,9 есден 67 есеге дейін

Topaz XL сериясының үлкейткіштерінде аталған қызметтерден басқа компьютерге қосылу мүмкіндігі бар. Бұл кезде тұтынушының үлкейтілген құжатпен де, компьютер экранындағы мәліметтермен де жеке немесе сплит-тәртібіңде бір мезгілде жұмыс жасауына мүмкіндік болады (бұл кезде экран тігінен 2-ге бөлінеді – жоғарыда үлкейтілген құжат шығады, ал төмнде, мысалы, интернет-шолушы терезесі).

Topaz XL HD үлкейткіштерінің ең жаңа сериясыда жоғарыда айтылған Topaz және Topaz XL серияларының барлық жетістіктері және одан басқа өте анық бейне алуға арналған камерасы бар, ол осы серияның үлкейткіштеріне үлкейтудің ең төмен деңгейін және кең көру кеңістігін ұсынуға мүмкіндік береді, демек тұтынушы экранға шыққан көптеген ақпараттарды көре алады. Бұл, өз кезегінде, оқу, суреттерді қарау немесе қандай да бір жұмыс жасау кезінде столды жылжыту қажеттілігін азайтады. Көптеген тұтынушылар экранда парақты толық көруді және оқу кезінде құжатты камераның астында әрі-бері жылжытпауды өздеріне ыңғайлы санайды.

 

 ONYX-Deskset-XL  

 

«ONYX Deskset XL» (мониторы 17”, 19”, 22”) тұрақты бейнеүлкейткіші
ONYX Deskset XL – шағын дербес үлкейткіш. Камераның телескоптық штативпен тікелей монитор алаңына бекітілуі оны басқа моделдерден ерекшелендіреді. Камера бекіткішінің үш айналу белдігі бар, бұл камераның 350 градусқа айналуына, ал ол өз кезегінде көруге қажетті есепсіз позицияларды таңдауға мүмкіндік береді. Камера монитордың кез-келген жағына бекітіледі, ол тұтынушының қолайлы жағдайда жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Қондырғыда монитордың биіктік және көлбеу деңгейін реттеуге болады.

  • Мониторы: 17'', 19'', 22'', 24''
  • Үлкейтуі: 1 еседен 64 есеге дейін (17” мониторы), 1.1 еседен 71 есеге дейін (19” мониторы), 1.3 еседен 96 есеге дейін (22” мониторы), 1.6 еседен 104 есеге дейін (24” мониторы)
  • Айналмалы штативке орнатылған екі жазықтықта айналатын камера
  • Фокустың үш тәртібі
  • Монитор биіктігі мен көлбеу бұрышының реттелуі
  • Түс тәртіптері: толық түсті, 4 жоғарыкереғарлық тәртібі
  • Бейнені тоқтату(стоп-кадр) мүмкіндігі
  • Жиынтығында қашықтықтан басқару пульті бар.

 


 

 

Толық ақпарат алу үшін хабарласыңыз: 
Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, 050008, Байзақов к-сі, 273 «в» 
тел./факс: +7 (727) 395-83-20, +7 (727) 395-83-30 
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

 

 

 

Жаңартылды 17.01.2019 13:48
 

В контакте

  

vk logo

Facebook «Маған ұнайды»

facebook 2

Twitter

twitter